Android™ – дегеніміз не және не үшін керек?
Sony компаниясы жаса
ған Xperia™ смартфоныңызда Android™ платформасы орнатылған.
Android™
құрылғылары компьютердегі сияқты көп функцияларды орындай алады және оларды
өз қажеттіліктеріңізге реттей аласыз. Мысалы, бағдарламаларды қосуға және оларды жоюға
немесе ж
ұмыс мүмкіндігін арттыру үшін оларды жақсартуға болады. Google Play™ сайтында
үнемі өсіп отыратын жинақтан бағдарламалар мен ойындарды жүктеуге болады. Сондай-ақ,
Android™
құрылғысындағы бағдарламаларды пайдаланатын басқа бағдарламалармен және
желідегі
қызметтермен біріктіруге болады. Мысалы, контактілеріңіздің сақтық көшірмесін
жасау
ға, бір жерден бірнеше электрондық пошта есептік жазбалары мен күнтізбелерге қол
жеткізуге, кездесулерді ба
қылап отыруға және қалағаныңызша көп әлеуметтік желілерге
қатысуға болады.
Android™
құрылғылары үнемі дамып отырады. Жаңа бағдарламалық құрал нұсқасы бар болса
ж
әне құрылғыңыз осы жаңа бағдарламалық құралды қолдаса, құрылғыда жаңа мүмкіндіктер
мен со
ңғы жақсартулар пайда болуы үшін оны жаңартуыңызға болады.
Android™ құрылғысында Google™ қызметтері алдын ала жүктелген болады. Берілген
Google™ қызметтерін барынша пайдалану үшін сізде Google™ есептік жазбасы болып,
құрылғыны іске қосқан кезде оған кіру керек. Сондай-ақ, Android™ жүйесіндегі
мүмкіндіктердің көбін қолдану үшін интернетке кіру мүмкіндігі қажет.
Жаңа бағдарламалық құрал шығарылымдары барлық құрылғыларымен үйлесімді
болмауы мүмкін.