Экран көшірмесін көрсету
Құрылғының экранын теледидарда немесе басқа үлкен дисплейде кабельмен жалғамай-ақ
к
өрсету үшін Экран көшірмесін көрсету функциясын пайдаланыңыз. Wi-Fi Direct™ технологиясы
екі
құрылғы арасында сымсыз байланыс орнатады, соның арқасында фотосуреттерді диванда
отырып-а
қ тамашалай аласыз. Сондай-ақ, осы функцияның көмегімен құрылғыдағы музыканы
теледидар динамиктері ар
қылы тыңдауға болады.
Жоғарыда айтылған функция жұмыс істеуі үшін теледидарыңыз Wi-Fi CERTIFIED
Miracast™ технологиясының негізіндегі экран көшірмесін көрсету функциясын қолдауы
қажет. Теледидар экран көшірмесін көрсету функциясын қолдамаса, сымсыз дисплей
адаптерін бөлек сатып алу қажет.
Экран көшірмесін көрсету функциясын қолданған кезде басқа Wi-Fi® желілері кедергі
жасаса, бейне сапасы кейде төмендеуі мүмкін.
Құрылғының экран көрінісін теледидарда көрсету
1
Теледидар: Экран к
өшірмесін көрсету функциясын қосу үшін теледидардың
пайдаланушы н
ұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз.
2
Құрылғыңыз: К
үй тақтасын төмен сүйреңіз де, түймесін түртіңіз.
3
Xperia™ байланыс мүмкіндігі > Экран көшірмесін көрсету опцияларын
тауып т
үртіңіз.
4
Экран көшірмесін көрсетуді қосу тарма
ғын түртіп, құрылғыны таңдаңыз.
Экран көшірмесін көрсетуді пайдалану кезінде , құрылғының Wi-Fi антенна аймағын
жаппаңыз.